Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қытайға қарсы АҚШ-Жапония-Үндістан біріккен әскери жаттығуына Австралия шақырылды

25 шілде 2020, 12:59

"Қытай агрессиясымен күресу үшін Үндістан әскери-теңіз жаттығуларына Австарлияны қатысуға шақырды" деп хабарлады Daily Mail.

 

Пекин мен Нью-Дели арасындағы қарым-қатынас Гималай шекарасы бойындағы қанды қақтығыстардан кейін шиеленісе түсті. Галван алқабындағы қақтығыс кезінде кемінде 20 үнді әскери қызметкері қаза тапқан.

 

Енді Үндістан Австралияны Малабар әсери теңіз жаттығуларына қатысуға шақырып, коммунистік елге қарсы күрес жүргізуде.

 

АҚШ,Жапония және Үндістан қатысқан үшжақты әскери шара 1992 жылдан бері өткізіліп келеді

 

Пекин австралиялық әскери кемелер Бенгал шығанағы жаттығуына қатысқанына ашуланғаннан кейін Үндістан шақыруды кері қайтарып алған.

 

Бірақ қазір Қытайдың аймақта территориясын кеңейтуіне үрей тууда. Үнді-Тынық мұхиты елдері Бейжіңге қарсы тұру үшін одақтас іздеуде.

 

Австралияда жаттығуға қатысатындығы әлі расталмағанымен, үндістандық бұқаралық ақпарат құралдары бұл уақыттың еншісінде дейді.

 

Канберраның ұсынысты ойластырып жатуы Пекиннің қитығына тиді. Қытайлық Глобал Таймс басылымыны "бұл Қытайдың қауіпсіздігіне қатер төндіреді" деп мәлімдеген.

 

– Егер Австралия келесі Малабар жаттығуларына қосылса, бұл АҚШ, Жапония, Австралия және Үндістан арасындағы бейресми стратегиялық форум болмақ, төртжақты қауіпсіздік диалогының (Төрт) барлық мүшелері алғаш рет әскери үйлестіреді,– дейді қытайлық басылым.

 

Соңғы жылдары Канберра Үндістанның миллиардтан астам халқы бар тұтыну нарығына назар аударған және бұл бірлескен жаттығу келісімнің кепілі бола алады.

 

"Екі ел арасындағы тығыз сауда байланысы Австралияның тау-кен және ауылшаруашылық салалары үшін үлкен нәтиже әкелуі мүмкін" деп хабарлады MailOnline.

 

COVID-19 басталғаннан бастап, Австралия мен Қытайдың қарым-қатынасы нашарлап кетті және Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон коронавирустың басталуы туралы тәуелсіз халықаралық зерттеу жүргізуге шақырған.

 

Бейжің оған жауп ретінде австралиялық бидай экспортына тарифтер енгізген және Канберраның ірі сиыр етін жеткізушілердің үшеуін қара тізімге енгізген. 

 

qamshy.kz