Саяси сахна

"Лекцияны басқа аудиторияда оқисыз": Нығматулин премьер-министрдің орынбасарын сөгіп тастады

  • "Лекцияны басқа аудиторияда оқисыз": Нығматулин премьер-министрдің орынбасарын сөгіп тастады

Мәжіліс отырысында Нұрлан Нығматулин премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтан сұраққа нақты жауап беруді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілістің жалпы отырысында "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы талқыланды. Сұрақ-жауап барысында депутат Жәмила Нұрманбетова вице-премьер Ералы Тоғжановтан ревакцинация жасау үшін вакцина қандай ақшаға сатып алынатынын сұрады. Ал, үш жылдық бюджетте бұл мақсатқа қаржы қарастырылмаған.

 
"Бұл мәселе ведомствоаралық комиссияда арнайы қаралды. Біріншіден, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен, екіншіден, жиырмадан аса елдің тәжірибесін ескере отырып, қарашаның үшінші онкүндігінен Қазақстанда ревакцинацияны бастауға шешім қабылдадық. Инактивті вакцина алғандар үшін ревакцинация 6 айдан кейін, ал векторлық вакцина салдырғандарда 9 айдан кейін басталады. Оның ішінде алғы шепте жүретін азаматтар – дәрігерлер, ұстаздар, 60 жастан асқандар ревакцинациямен толық қамтылады. Жылдың соңына дейін 100 мың адамға, келесі жылы 2 миллион адамға қайта вакцина салынады деп жоспарлап отырмыз. Қазақстан халқы вакцинамен толық қамтамасыз етіледі", - деп жауап берді Тоғжанов.

Алайда мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин вице-премьердің жауабына қанағаттанбады.

"Ералы Лұқпанұлы, басқа сұрақ қойылды ғой. Комиссия қалай жұмыс істеп жатқанын біз ақпарат көздерінен естіп, біліп отырмыз. Нақты сұрақ қойылды. Ревакцинация жасау үшін вакцина сатып алуға 2022-2024 жылдарға арналған бюджетте қаражат қарастырылмаған. Қай қаражатқа сатып аласыз?", - деді спикер.

"Қаражат резервтен алынады", - деді Тоғжанов.

"Кімнің резервінен? Асқар Ұзақбайұлының ба?", - деп сұрады Нығматулин.

"Жоқ, үкіметтің резервінен алынады", - деп нақтылады Тоғжанов.

"Солай айту керек қой. Комиссия қалай жұмыс істеді, неше вакцина, оның бәрін біз білеміз. Құрметті үкімет мүшелері, тікелей сұрақтарға тікелей жауап беріңіздер. Лекцияны басқа аудиторияда оқисыз. Түсінікті ме?", - деп ескерту жасады Нығматулин.

Айта кетсек, парламент мәжілісінің жалпы отырысында "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы мақұлданды. 




Көрілген: 871    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.10.2021, 13:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31