Саяси сахна

Лукашенко қаза болған жағдайда билік ауысуы туралы декретке қол қойды

  • Лукашенко қаза болған жағдайда билік ауысуы туралы декретке қол қойды

    Лукашенко қаза болған жағдайда билік ауысуы туралы декретке қол қойды

Беларусь президенті Александр Лукашенко 9 мамырда "Егемендік пен конституциялық құрылысты қорғау туралы" декретке қол қойды. Құжатта ол қаза болған жағдайда биліктің ауысуы туралы қарастырылған, - деп хабарлайды Тut.by.

Құжатта қастандық жасау, терроризм, сыртқы агрессия, өзге де зорлық-зомбылық әрекеті салдарынан президент қаза тапқан жағдайда барлық мемлекеттік орган мен лауазымды тұлға премьер-министр төрағалық ететін Қауіпсіздік кеңесі отырыстарында қабылданған шешімге сәйкес әрекет ететіні айтылған.

 
Бұл ретте ел аумағына дереу төтенше немесе соғыс жағдайы енгізіледі, ал Қауіпсіздік кеңесі оны қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды. Қауіпсіздік кеңесі шешімін бәрі орындауға міндетті.

Негізгі мәселе - сайлау өткізу мәселесі. Қауіпсіздік кеңесі шараларды өткізу туралы шешім қабылдайды.

Декрет елдің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға бағытталған және ол қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Александр Лукашенко "беделін түсіретін" теріс қылықтары үшін 80 бұрынғы әскери мен құқық қорғау органдары қызметкерін әскери және арнайы атағынан айыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 718    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.05.2021, 17:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31