Саяси сахна

Лукашенко өкілетін тапсыратын жарлыққа қол қоймақ

  • https://www.rbc.ru/

    https://www.rbc.ru/

Беларусь мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Александр Лукашенко "президент міндетін атқара алмаған жағдайда" өкілетін елдің қауіпсіздік кеңесіне тапсыруға мүмкіндік беретін жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген.

 

Былтыр тамызда өткен нәтижесі даулы президент сайлауынан кейін оппозиция наразылығын аяусыз басып тастаған Лукашенконы легитимді басшы деп санамайтын ел көп.

 

Лукашенконың Конституцияға өзгеріс енгізуге қатысты мәлімдемелерін "уақытты созу әдісі" деп сынаған қарсыластары оның уәделеріне сенбейтінін айтып келеді.

 

Батыс елдері санкция салып, жаңа сайлау өткізуді талап еткен сайын бес мерзім қатарынан президент қызметін атқарған Лукашенко Мәскеуден көбірек көмек сұрай бастады.

 

Лукашенконың президент сайлауындағы жеңісін мойындаған Ресей президенті Владимир Путин 22 наурызда оны Мәскеуде қабылдаған. Олардың Кремльдегі кездесуінің жай-жапсары белгісіз.

 

"Біздің командаларымыз одақтық мемлекеттің заңдарын жетілдіру бағытында жұмыс істеп жатыр" деді Путин кездесуден соң.

 

Беларусь қауіпсіздік қызметі Лукашенконың өзі таңдаған, оған жақын адамдардан тұрады.

 

24 сәуірдегі мәлімдемесінде Лукашенко өзі жоқ кезде қауіпсіздік қызметін премьер-министр басқаратынын айтқан. Бұл туралы Беларусьтің мемлекеттік "Белта" ақпарат агенттігі хабарлады.

 

Беларусь саяси оппозициясы басшыларының көбі түрмеге жабылған немесе елден кетуге мәжбүр болған.

 

Сайлаудан кейін айлар бойы толассыз жүрген наразылықты басу үшін Беларусьтің күш құрылымдары мыңдаған адамды ұстап, жүздеген кісінің үстінен іс қозғап, қудалаған. Билік қорқытып-үркіту әдістерін қолданып, тәуелсіз ақпарат құралдарының жұмысына кедергі жасауға тырысты.

 

АҚШ-тың Беларусьтегі жаңа елшісімен көршілес Литвада 21 сәуірде кездескен Беларусь оппозициясының басшысы Светлана Тихановская Беларусьті "басқа елдермен, соның ішінде әсіресе көршілерімен өзара тиімді әріптестік орнатқан тәуелсіз де еркін ел ретінде көргісі келетінін" айтқан.

 

Президент сайлауына түсемін деген күйеуі түрмеге түскен соң өз кандидатурасын ұсынып, додаға қатысқан Светлана Тихановская сайлаудың ресми нәтижесімен келіспейді және өзін елдің заңды сайланған басшысы деп атайды. Сайлаудан кейінгі қысымға байланысты ол елден кетіп қалған.

 

 

 

azattyq.org




Көрілген: 669    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 15:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30