Саяси сахна

Лукошенко Қазақстан мен Қырғызстанды шатастырып алды (видео)

  • Лукошенко Қазақстан мен Қырғызстанды шатастырып алды (видео)

    Лукошенко Қазақстан мен Қырғызстанды шатастырып алды (видео)

Беларусь президенті Александр Лукашенко Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан мен Қырғызстанды шатастырып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ЕАЭО елдері көшбасшылары жиналған отырыс бейнеконференция режимінде өтті. Лукашенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сөз берген сәтте қызық жағдай орын алды. 

 
"Біздің одақтың жұмыс істеу тәртібіне сәйкес біздің бүгінгі кеңесімізді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі өкілеттікті Қырғызстан президентіне бергім келеді...ой Қазақстан Президентіне... Тоқаев мырзаға", – деді Лукашенко сөзінің соңында.

Тоқаев Лукашенконың айтқанына күліп қана қойды. 

Сонымен қатар Армения премьер-министрі Никола Пашинян сөйлеп жатқан кезде дыбыс екі рет жоғалып кетті. 

14 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Беларусь Республикасы бастамашылық еткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің өзекті мәселелерін және ЕАЭО-ға қатысушы елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылады. 




Көрілген: 505    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 11:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31