Саяси сахна

Мағзұм Мырзағалиев экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

  • Мағзұм Мырзағалиев экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

    Мағзұм Мырзағалиев экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

Мағзұм Мырзағалиев экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палата баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта. Мағзұм Мырзағалиев 2014 жылдың тамыз айынан бастап Энергетика вице-министрі қызметін атқарады. 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген. 1999 жылы "Тұран" университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар саласындағы дипломатиялық академиясында оқыды. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде "мұнай-газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша білім алған. Еңбек өтілін Теңіз кен орындарында және Батыс Сібірде бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер болып бастады, АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өтті. 2004-2007 жылдары MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының өндіріс жөніндегі менеджері - басшысы болып жұмыс істеді. 2010 жылға дейін " ТеңізСервис "ЖШС Бас директоры болып қызмет етті. 2010-2012 жылдары - "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, кейіннен "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2013 жылдың қазан айынан бастап мұнай және газ вице-министрі, 2014 жылдың тамыз айынан бастап Энергетика вице-министрі болды. "Құрмет" орденімен және екі медальмен марапатталған. 




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.06.2019, 17:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30