Саяси сахна

Мәжіліс Арменияның Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуын құптады

  • Мәжіліс Арменияның Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуын құптады

    Мәжіліс Арменияның Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуын құптады

Бүгін Мәжіліс депутаттары «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Сөйтіп, құжат енді Парламент Сенатына жолданады, ал жалпы рәсімдеуден өтіп, шарт күшіне енсе, сол күшіне енген күннен бастап Армения Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болады. Сонымен қатар, Армения 2014 жылдың 29 мамырындағы ЕАЭО туралы шартқа және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық құқықтық базасымен көзделген барлық міндеттемелерді өзіне алады.
Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения қосылу арқылы негізгі төрт еркіндікті қамтамасыз етудегі жағдайларды қамтиды. Бұлар: тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетулердің және жұмыс күшінің еркін қозғалысы. Бұл ретте министр Армения Республикасының интеграциялық процеске қатысуынан перспективада Одақ үшін барынша елеулі пайда күтілетінін де алға тартады. Сонымен қатар, Арменияның ЕАЭО-қа қосылуы тұтастай еуразиялық интеграция үдерісін тартымды ете түседі әрі бұл осы процестің тұрақтылығы үшін қосымша тұғырнама жасайды.
«Арменияның шартқа қосылуы Қазақстанға экономиканың көптеген салаларында екі елдің ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндіктерін де ашады. Әсіресе, металлургия, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында ынтымақтастық кеңейе түседі. Жлпы алсақ, қазір Қазақстанның Армениямен тауар айналымы соншалықты көп емес: 7 млн. 700 мың доллардан сәл асады. Алайда, бірыңғай нарық құру - Армения ұсынатын өңірмен сауда-экономикалық қатынастарды ынталандыруға алғышарттар қалыптастырады», - дейді министр Ерболат Досаев.

Айта кетерлігі, Армения 2003 жылдан бері Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше ел. Сондықтан да, Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуына байланысты Арменияның тиісті тарифтік міндеттемелері өзгереді, ал ол бойынша Армения ДСҰ-ға мүше мемлекеттермен келіссөздер жүргізетін болады. Бұл ретте Арменияның ДСҰ-ға қосылу жөніндегі жұмыс тобының баяндамасында, олардың міндеттемелері ЕАЭО-қа мүше басқа мемлекеттерге қолданылмайтыны қарастырылған екен.
«Еуразиялық Экономикалық Одақтағы теңдік, егемендік және ұлтты мүддені ескеру принциптері қамтамасыз етілген. Шартта барлық деңгейлердегі стратегиялық маңызды шешімдер қабылданған уақытта консенсустың нақты тетіктері қолданылады. Осылайша, әрбір мүше мемлекетке теңдей қатысуға, олардың алдында тұрған міндеттемелерін келісіп шешуге мүмкіндік берілген», - деді Ерболат Досаев. 
Талқылау барысында депутаттар бірауыздан шартқа қолдау білдірді. Мәселен, мәжілісмен Ұласбек Сәдібековтың айтуынша, ЕАЭО туралы шартқа Арменияның қосылуы қазақстандық кәсіпкерлерге тауарларды өткізу нарығының ұлғаюы тұрғысынан да тиімді. «Армения - индустриялық, аграрлық ел. Армения мыс, молибден, полиметалл кендерінің, құрылыс тастарының, минералдық суларының едәуір қорларына, сондай-ақ асыл металл кен орындарына ие. Сондықтан да, ЕАЭО Армения арқылы өз құрамына қазіргі заманғы экономикалық инфрақұрылымы мен мықты қаржылық жүйесі бар мемлекетті қосқалы отыр. Жалпы, Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қатынастар серпінді түрде даму үстінде. Қазақстан Арменияға астық пен ұн, қайта өңдеу мен металл өнімдерін, атап айтқанда ақ қаңылтырды, темірден және құрамында қоспасы жоқ болаттан жасалған жайпақ прокатты импортайды. Армения экспортының басым бөлігін тас өңдеу станогы секілді тауарлар құрап отыр. Екі ел арасындағы қарым-қатынас инновациядан бөлек, туризм саласында да даму үстінде. ЕАЭО туралы шартқа Арменияның қосылуы қазақстандық кәсіпкерлерге тауарларды өткізу нарығының ұлғаюы тұрғысынан да тиімді», дейді Ұ. Сәдібеков.  
Енді құжат Парламент Сенатында талқыланатын болады.

Автор: Қанат ҚАЗЫ




Көрілген: 2431    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.12.2014, 14:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31