Саяси сахна

Мәжіліс жерді шетелдіктерге жалға беруге және сатуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

  • Мәжіліс жерді шетелдіктерге жалға беруге және сатуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

    Мәжіліс жерді шетелдіктерге жалға беруге және сатуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісі елімізде жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. 

 
"Ұсынылған заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу көзделген. Сондай-ақ, заң жобасында бұдан бұрын шетелдіктермен және шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялармен жалға алынған ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдалану мерзімін ұзартылмайтындығы және олардың пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғана иелікте болатыны қарастырылған», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Мәжіліс отырысында. 

Айта кетсек, 2016 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік компанияларға сондай-ақ, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға жалға беруге, бұдан басқа Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке меншікке беруге қатысты мораторий енгізілді.

Министрдің сөзінше аталған мораторий мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. 




Көрілген: 432    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 11:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31