Саяси сахна

Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

  • Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

    Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

Депутаттар 1 қарашада қайтыс болған Темірхан Досмұхамбетовті бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Еске алу алдында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин марқұм жайлы естелік сөз айтты.
«Еліміздің дамуына орасан зор үлес қосқан нағыз бірегей тұлға Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовті көбіңіз танисыз. Көрнекті мемлекет қайраткері. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің бастауында Елбасымен бірге болғандардың бірі. Ол әр түрлі салада қызмет етті. Бір кездерде Туризм және спорт министрі, елорда әкімі болды, Ұлттық Олимпиада комитетін басқарды. Ол заң шығару саласындағы қызметін 12-шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестен бастап, кейін Парламент Мәжілісінің депутаты да болды. Марқұм қай жерде жұмыс істесе де тамаша нәтижелерге қол жеткізді», – деді Мәжіліс төрағасы.

Ол соңғы кезде Темірхан Досмұхамбетовтің ауыл шаруашылығымен табысты айналысып жүргенін айтты. Спикердің сөзінше марқұм қайраткер өміріінің соңына дейін басқарған «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік холдингі бүгінде Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал өндіріс орнына айналған.

«Ол шынымен де өте жауапты тұлға еді. Шынайы, еліміздің нағыз патриоты болды. Барша депутаттық корпус атынан отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз», – деді Нығматулин.

aikyn.kz




Көрілген: 461    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.11.2021, 11:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31