Саяси сахна

Мәжіліс сайлауы: Қазақстанда кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды

  • Мәжіліс сайлауы: Қазақстанда кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды

    Мәжіліс сайлауы: Қазақстанда кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды

  • Мәжіліс сайлауы: Қазақстанда кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды

    Мәжіліс сайлауы: Қазақстанда кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды

Сайлау заңнамасына сәйкес, кандидаттарды ұсыну сайлау өтетін күннен екі ай бұрын, 2021 жылдың 10 қаңтарында басталады

Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды.

Орталық сайлау комиссиясы үміткерлерді ұсыну кезеңі дауыс беруден екі ай бұрын басталып, дауыс беру күніне 40 күн қалғанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 18: 00-де, яғни 2020 жылдың 10 қарашасынан басталып, 2020 жылдың 30 қарашасында сағат 18:00-ге дейін аяқталады деп хабарлады.

Конституция мен кандидаттарды сайлау туралы конституциялық заң бойынша кандидаттан Қазақстан азаматтығының болуы, соңғы 10 жылда республика аумағында тұруы талап етіледі. Депутаттыққа кандидат кем дегенде 25 жасқа толған азамат болуы тиіс.

Парламентке сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот үкімімен бас бостандығынан айырылған, сотталған және заңмен белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынып тасталмаған, сот сыбайлас жемқорлық қылмысы мен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы үшін заңда белгіленген тәртіппен кінәлі деп таныған адам кандидат бола алмайды. 

Партиялық тізімдер бойынша сайланған мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі.

Саяси партиялардың осы саяси партияға мүше емес адамдарды партиялық тізімге енгізуге құқығы жоқ.

Жаңа талаптарға сәйкес, саяси партия тізімдерді бекіту кезінде партия құрамындағы азаматтардың жалпы санының кемінде 30 проценті мөлшерінде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдарды қосуға міндетті.

Партиялық тізімдерді тіркеу сайлауға екі ай қалғанда басталып, бір ай қалғанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Яғни, үміткерлерді тіркеу кезеңі осы жылдың 10 қарашасынан 10 желтоқсан аралығында сағат 18:00-ге дейін созылады. Сайлаудың өзі 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Партиялық тізімге енген әрбір адам үшін төленетін партиялық жарна 637 мың 500 теңгені құрайды.

Сайлауалды науқан 29 күнге &ndash 2020 жылдың 10 желтоқсанынан 2021 жылдың 9 қаңтарына дейін созылады. 9 қаңтар үнсіздік күні болып жарияланады. 

sputnik.kz




Көрілген: 708    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 09:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31