Саяси сахна

Мәжіліс шағын кредитке қатысты заң жобасын мақұлдады - қандай өзгерістер болады

  • Мәжіліс шағын кредитке қатысты заң жобасын мақұлдады - қандай өзгерістер болады

    Мәжіліс шағын кредитке қатысты заң жобасын мақұлдады - қандай өзгерістер болады

Мәжіліс сайлауынан кейін жұмыс тобының құрамы жаңарғандықтан, заң жобасына тағы бірқатар өзгеріс енгізілген. Мәжіліс микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуге қатысты өзгерістерді екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы сенатқа жолданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Аманжан Жамаловтың айтуынша, өткен жылы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Сол кезде микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға қатысты бірқатар талаптар енгізілді. Атап айтқанда, кредиттің толық құнын келісімшарттың бірінші бетінде көрсету, мерзімі өтіп кеткен сыйақыға комиссия есептеуге тыйым салу, коллекторлық компаниялардың минималды жарғылық капиталын бекіту сияқты нормалар бар. Ал мәжіліс сайлауынан кейін жұмыс тобының құрамы жаңарды, заң жобасына тағы өзгерістер енгізілді.

"Мәселен, уақытында төленбеген шағын кредиттер бойынша айыпақы көлемін азайту қарастырылған. Бүгінде ондай талап банк заңнамасында бар. Бұдан бөлек, микроқаржы ұйымдары жылдық тиімді мөлшерлемені жарнамада көрсетуі керек. Ал коллекторларға бөгде адамдардың телефонынан хабарласуға болмайды. Сосын коллекторлар мен қарыз алушылар арасындғы қарым-қатынасты аудио-видео тіркеу мәселесі қарастырылған", - деді Жамалов мәжілістің жалпы отырысында.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірауыздан мақұлдады.




Көрілген: 932    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 13:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30