Саяси сахна

Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Германия елшісін қабылдады

  • https://www.parlam.kz/

    https://www.parlam.kz/

Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тило Йоханнес Клиннермен кездесті. 

 

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту төңірегінде ортақ ойларымен бөлісті. Әсіресе, парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға көңіл бөлінді.

 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  Германияны  Еуропалық Одақ шеңберіндегі Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі ретінде қарап, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуға зор көңіл бөлгенін алға тартқан Мәжіліс Спикері Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары екіжақты байланысты одан әрі тереңдетуге зор ықпал еткенін атап өтті.    

 

Алдағы жылы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, осы уақыттар ішінде қос мемлекет арасында сенімді саяси диалог орнап, қажетті құқықтық база қалыптасып, сауда-экономикалық әрі мәдени-гуманитарлық ықпалдастық қарқынды дамыды.

 

Н. Нығматулин Қазақстан екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін айта келіп, осы жолда заңнамалық органдар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

 

Осы орайда екі елдің парламенттік делегацияларының жиі іс-сапарлар мен кездесулер ұйымдастыруы парламентаралық диалогты нығайта отырып, Қазақстан мен Германия арасындағы сенім мен әріптестікті дамытуға бағытталған нақты қадам деуге болады.

 

Өз кезегінде Т. Клиннер Қазақстан Германияның оңтайлы сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін және екі ел басшыларының кездесуі елдер арасындағы ықпалдастықты жаңа деңгейге шығаруға серпін бергенін айтты.

 

Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы бейінді комитеттер мен парламентаралық топтар шеңберінде іс-сапарлар арқылы заңнамалық тәжірибе алмасуды одан әрі ынталандыру қажеттілігіне тоқталды.  

 

( ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі)

 

 

parlam.kz




Көрілген: 260    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 17:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31