Мәжілісмендер қаржы пирамидалар қызметіне қарсы заң жобасын мақұлдады

25 мамыр 2022, 13:02

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту, сондай-ақ қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана, NEGE.  Сондай-ақ, депутаттар «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын әзірлеуге кіріседі.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайыновтың айтуынша, заң жобаларын ҚР Парламенті депутаттары мемлекет басшысының қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірлеген.

«Заң жобаларының негізгі мақсаттары – азаматтардың мүлкінің қауіпсіздігін арттыру және қаржылық пирамиданың қызметін оның бастапқы кезеңінде тоқтату. Қаржы және бюджет комитеті 16 қарашаға дейін заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжіліс депутаты Марат Құсайынов.