Мамин қаңтар оқиғасынан кейін алғаш рет төбе көрсетті

24 мамыр 2022, 18:01

Хоккейден Қазақстан-Италия құрамаларының матчында экс-премьер Асқар Мамин төбе көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Хоккей федерациясына сілтеме жасап. 

Кеше Қазақстанның хоккей құрамасы қарсылас Италия құрамасымен бақ сынасып, 5:3 есебімен жеңіске жетті. 

Жарыс соңында Қазақстан Хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин команданы жеңісімен құттықтады. Құрамадағы қорғаушы Валерий Орехов, шабуылшы Роман Старченко, қақпашы Андрей Шутовтың табандылығын да айрықша атап өтті.

Айта кетейік, Асқар Мамин 2019 жылдың ақпанынан 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін ҚР премьер-министрі болды. 

Ulysmedia.kz