Саяси сахна

Мамин Маңғыстауда шаруаларға көмектесуді тапсырды

  • Мамин Маңғыстауда шаруаларға көмектесуді тапсырды

    Мамин Маңғыстауда шаруаларға көмектесуді тапсырды

Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Онда облыс әкімі Серікбай Трұмовтың мал шаруашылығы саласындағы ахуал және құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарды азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі баяндамасын тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министрге Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия аудандарын жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

"Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай секілді көршілес облыстардан шөп жеткізу және өткізу жұмыстары жолға қойылған. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-мен жасалған келісімшарт аясында 1200 тоннадан аса арпа әкелінді, олар шаруаларға нарықтық бағадан төмен бағамен сатылды. Сондай-ақ, өңірде мал басын түгендеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
 
Шаруашылықтарды жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді жедел шешу және мониторинг жасау жөніндегі республикалық штаб қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі Маңғыстау облысында малдың аналық басына арналған азыққа жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 1,9 миллиард теңге бөлді.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша шаруашылықтарға қолжетімді бағамен 114,7 мың тонна дайындалған шөпті сатып алу және жеткізу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыруға, сондай-ақ "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ арқылы көлемі 56,3 мың тонна жем-шөп (кебек) сатып алуға қосымша қажетті қаражат бөлінеді.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстауда малы қырылған шаруалар өңірге премьер-министрдің келуін талап еткені хабарланған болатын. Төрт түлігінен айырылып жатқан жұрт еріктілерден өзге көмектесіп жатқан ешкім жоқ деп шағымданған еді.




Көрілген: 1153    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.07.2021, 13:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30