Саяси сахна

Марат Сұлтанғазиев қаржы вице-министрі болып тағайындалды

  • Марат Сұлтанғазиев қаржы вице-министрі болып тағайындалды

    Марат Сұлтанғазиев қаржы вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

 
Еңбек жолын 1997 жылы Салық бөлімінің заңды тұлғаларды тексеру бөлімінің бірінші санатты маманы болып бастаған.

1998-2001 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас маман – бас салық инспекторы болып жұмыс істеген.

2001-2010 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде жұмысын жалғастырған, Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

2010-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған.

2012-2014 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.

2014-2017 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік–экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылғы қазаннан бастап қазірге дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Stan.kz




Көрілген: 891    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 10:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30