Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды

26 қаңтар 2023, 12:49

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысына қатысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын.

 

Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын.

 

Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!», - деді Мемлекет басшысы

 

Сенаторлар Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы етіп жасырын дауыс беру арқылы Мәулен Әшімбаевты бірауыздан сайлады.