Саяси сахна

Мемқызметкерлер табысын айтып, мүлкін көрсетуге міндеттеледі

  • Мемқызметкерлер табысын айтып, мүлкін көрсетуге міндеттеледі

    Мемқызметкерлер табысын айтып, мүлкін көрсетуге міндеттеледі

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін декларациялау енгізіледі.

Мемлекеттік қызметкерлер енді декларация тапсырып, табысын көрсетеді.
Биыл 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар, олардың жұбайы салық декларациясын тапсырады деп жазды qadam.asia.

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, декларацияны тапсыратындардың тізімі кезең-кезеңімен шығады. Мәселен, бірінші кезеңде 430 мыңнан астам табысын көрсетуі керек. Бұлар – мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар мен оның жұбайлары.

«Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты – жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құру. Мұндай жүйе көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған, сондай-ақ бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етуге ықпал етеді», — деді Ерұлан Жамаубаев.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары тапсырады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін декларациялау енгізіледі.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – азаматтардың қалған барлық санаттары тапсырады.

Ал салықтық декларацияны салық төлеуші кабинет, «Электрондық үкімет» веб-порталы және «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.

Салық декларациясы дегеніміз — салық органдарына ел азаматтарының бір жылда қанша табыс тауып, қандай дүние-мүлік алғанын көрсететін есеп.




Көрілген: 448    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 16:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30