Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласына барды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келді", - делінген хабарламада.