Саяси сахна

Мемлекет басшысы «Air Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдады

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Кездесу барысында Питер Фостер Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық әуе компаниясының қазіргі жағдайы мен оны дамытудың жоспары, атап айтқанда, жолаушылар тасымалының ішкі көлемін арттыру және жаңадан ашылған шетелдік бағыттар, әуе билеттерінің бағасын арзандату шаралары жайында баяндады.

 

Питер Фостердің айтуынша, «Fly Arystan» еншілес әуе компаниясын ашқаннан бері Қазақстан әлемдегі әуе тасымалы бойынша ішкі нарығы жылдам дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылған.

 

Сонымен қатар ол Қазақстан Президентіне компанияның әуе паркінің жаңаланғаны, оның ішінде, «Boeing-757» ұшақтарының ұзақ жолға арналған «Airbus А321» әуе кемесіне алмастырылып жатқаны туралы айтты. Бұдан бөлек 2023 жылға дейін «Boeing-787» ұшақтарын сатып алу жөніндегі жоспарымен бөлісті.

 

Мемлекет басшысы «Ашық аспан» режимін одан әрі дамытудың және жаңа шет елдік бағыттарды ашу, оның ішінде, Сингапур, Нью-Йорк секілді әлемнің басқа да ірі қалаларымен қатынас орнатудың маңыздылығын атап өтті.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтары үшін әуе билеттерін арзандату бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға баса мән берді.

 

akorda.kz




Көрілген: 174    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 21:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30