Саяси сахна

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады

  • © akorda.kz/

    © akorda.kz/

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Омбудсмен офисінің құқық қорғау қызметі бағытында атқарып жатқан жұмыстары, оның ішінде, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған маңызды шешімдер жайында баяндалды. Бұл шешімдер азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдігін одан әрі нығайтуға бағытталған.

 

Эльвира Әзімова Президентке әйелдердің, балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау бойынша заңнамалық және атқарушы деңгейлерде қабылданатын шаралар туралы ақпарат берді.

 

Кездесу барысында құқық қорғау қызметімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарды қолдауды кеңейту, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын жалғастыру, сондай-ақ, Адам құқықтары бағытындағы заң шығару процесіне Уәкілді және азаматтық қоғам өкілдерін тарту жөніндегі ұсыныстар қаралды.

 

Кездесуде «Омбудсмен туралы» заң қабылдау жөнінде айтылып, Уәкіл институтына мемлекеттік қолдау көрсету және оның әлеуетін өңірлер деңгейінде нығайту мәселесі талқыланды.

 

Президент азаматтардың тікелей қатысуымен қоғамдық бақылау түрлерінің бірі ретінде 2014 жылы құрылған Азаптаулар мен қатыгездікті болдырмау бойынша ұлттық алдын алу тетігінің қызметін жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге жәрдемдесу қажеттігін айтып, Үкімет әзірлеген «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы аясында қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

 

 

akorda.kz




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 19:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31