Мемлекет басшысы әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтады

31 желтоқсан 2021, 15:06

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер арқылы шахматтың блиц түрінен өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен Бибісара Асаубаеваны құттықтады.

 

«Бибісара Асаубаеваны блиц бойынша өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Бұл керемет жетістік барша қазақстандық үшін, әсіресе шахмат әуесқойлары үшін Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық болды. Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін!», деп жазды Президент твиттерде.