Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мемлекет басшысы Бағдат Мусинді қабылдады

07 сәуір 2022, 20:23

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындылары, цифрландыру және IT саласының даму перспективалары жөнінде, сондай-ақ телекоммуникация бағытындағы жұмыстың сапасын арттыруға қатысты Президент тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы есеп берілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, адам мүддесіне қызмет ететін сервистерді енгізу аясында ең қажетті деген 18 құжат жеке деректерді қорғау шараларын міндетті түрде сақтай отырып, платформаны танымал ету арқылы цифрлық форматқа ауыстырылған.

 

Бұдан бөлек Бағдат Мусин Қасым-Жомарт Тоқаевқа «цифрлық теңсіздікті» жою, интернетпен қамтамасыз етуге және оның сапасына қатысты бақылау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы да есеп берді. Былтыр 628 елді мекенде Интернет сапасы жақсартылса, биыл тағы да 140 ауылда осындай жұмыстар жүргізілмек.

 

Президентке мобильді операторлардың Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G технологиясының сынақтан сәтті өткізілгені туралы баяндалды. 2022 жылы республикалық маңызы бар қалаларда коммерциялық мақсатта іске қосу жоспарланып отыр.

 

Сонымен қатар министр телекоммуникация нарығын одан әрі дамыту жоспарын ұсынды. Атап айтқанда, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының компаниялар тобын монополиядан арылту жұмыстары жүргізіледі, бәсекелестік ортаны жақсартуға бағытталған бірқатар заңнамалық бастама қабылданбақ.

 

Бағдат Мусин Президентке Қазақстанды цифрландыру аясында энергетика, жер қойнауын пайдалану, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жерді қашықтан зонттау спутниктерін пайдалана отырып, су және жер ресурстарын мониторингтеу саласындағы бірқатар стратегиялық жоба туралы баяндады.

 

IT саласын дамытуға баса мән берілді. Astana Hub технопаркінің жұмысы, соның ішінде шетелдік IT компанияларды Қазақстанға әкелу туралы айтылды.

 

Президент отандық IT секторды қолдауға бағытталған нақты шаралар әзірлеуге және халықаралық нарықта жетістікке жеткен шетелдік IT компанияларға көмек көрсетуді тапсырды.

 

Кездесу барысында министр «ҰАТ» акционерлік қоғамының ресурстары негізінде осындай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар отандық IT компаниялардың сарапшыларын тарта отырып, цифрландыру платформасын құруды ұсынды.