Саяси сахна

Мемлекет басшысы бірқатар облыс әкімдерін қабылдады

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановты, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты, сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.


Ерлан Қошанов кездесу барысында мемлекет басшысына өңірдің биылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде мәлімет берді.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарының, соның ішінде көпбалалы отбасылардың мәселелерін шешу үшін Қарағанды облысында қабылданған шаралар туралы баяндалды.


Сонымен қатар, Ерлан Қошанов ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде айтты.


Қазақстан президенті облыс әкіміне өңірге тартылатын инвестиция көлемін артырып, өнеркәсіп өндірісінің өсімін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, облыс орталығы мен ірі қалаларда тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылым салу қарқынын жеделдетуді тапсырды.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты да қабылдады.

Мемлекет басшысына Қызылорда облысын 2022 жылға дейін кешенді дамыту жоспарының негізгі қол жеткізілген көрсеткіштері туралы есеп берілді. Сондай-ақ, әкім Қазақстан Президентінің өңірге жұмыс сапары барысында берілген тапсырмаларының орындалуы барысы туралы баяндады.


Қасым-Жомарт Тоқаев облыс халқының әл-ауқатын арттыруға және өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған тиімді шаралар қабылдаудың маңыздылығын айтты.


Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеевті қабылдады.


Қазақстан президентіне Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, өңір басшысы Өмірзақ Шүкеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан қаласындағы құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі нысандарын салу барысы жөнінде баяндады.


Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы әкімдерге бірқатар нақты тапсырма берді.


BAQ.KZ


 




Көрілген: 655    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.05.2019, 22:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31