Саяси сахна

Мемлекет басшысы бірнеше маңызды ауыс-түйіс жасады

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні жасалған бірқатар саяси ауыс-түйіске түсініктеме берді.


Еске сала кетсек, мемлекет басшысының жарлығымен мемлекеттік хатшы, президент әкімшілігі мен премьер-министр кеңсесінің басшылары, премьер-министрдің орынбасары, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және сыртқы істер министрі тағайындалды.


Ерлан Қошановтың президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалуына қатысты Тоқаев оның мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесін атап өтті.



​"Қарағанды облысының басшысы лауазымына мәслихатқа премьер-министрдің орынбасары, білікті басқарушы Жеңіс Қасымбек ұсынылады", - деп жазды президент Twitter парақшасында.


Ал Бейбіт Атамқұловтың индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына ауысуын мемлекет басшысы бұрынғы СІМ басшысының сыртқы саясат ведомствосы өкілеттігінің кеңеюіне байланысты министрліктің құрылымын қайта құру бойынша пайдалы жұмыс атқаруымен түсіндірді.



"Табысты еңбек жолынан өткен Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды", - деп атап өтті Тоқаев.


"Тәжірибелі мемлекеттік қызметші Қырымбек Көшербаев Марат Тәжиннің орнына мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындалды. Ұзақ жылдар бойы мемлекет ісіне сіңірген еңбегі үшін Марат Тәжинге алғыс айтамын. Оның білімі мен білігі еліміздің игілігіне қызмет ете береді", - деп жазды президент.


sputnik



 


 


 


 




Көрілген: 755    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 09:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31