Саяси сахна

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ төрағасын қабылдады

  • © 24.kz

    © 24.kz

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге арнайы сапармен келген Словакия Сыртқы істер министрі әрі Еуропадағы қауіпсізідк ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчакты қабылдады.


Басқосуда тараптар екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Мәртебелі мейман президентті жоғары дәрежедегі лауазымға кірісуімен құттықтап, бірлесіп жұмыс істеу төңірегінде өз ойларын ортаға салды.


Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- Сізбен Нұр-Сұлтан қаласында көрісіп отырғаныма қуаныштымын. Біздің елге Словакияның Сыртқы істер министрі әрі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде келіп отырсыз. Қош келдіңіздер!


Мирослав Лайчак, Словакияның Сыртқы істер министрі


– ЕҚЫҰ төрағасы: - Рахмет, Президент мырза! Біздің делегацияны қабылдауға уақыт бөлгеніңіз үшін алғыс білдіремін. Осы сәтті пайдаланып, Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына тағайындалуыңызбен құттықтағым келеді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде Қазақстанға іссапармен келгенімен қуаныштымын. Біз бұл бірлестікке жетекшілік ету арқылы адамзат баласының игілігі үшін жұмыс істеуді мақсат етіп отырмыз.


 24.kz




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.04.2019, 16:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31