Қос тарап саяси диалогты дамытуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Экспресс К Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қараша айында Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың барысына көңілдері толатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Шарль Мишельді Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңестің Президенті тұрақты байланыс орнатуға келісті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті кездесу соңында Шарль Мишельді елімізге сапармен келуге шақырды.
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының аясында Андорра Премьер-министрі Ксавьер Эспот Саморамен, Молдова Президенті Майя Сандумен және Литва Президенті Гитанас Науседамен кездесті.