Мемлекет басшысы «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады

13 сәуір 2022, 13:29

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Хабар» Агенттігі» АҚ құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Берік Уәли Мемлекет басшысына алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты.

 

Сонымен қатар Президентке Агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді.

 

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.