Саяси сахна

Мемлекет басшысы жаңа тұрғын үй бағдарламасы жайлы айтты

  • Мемлекет басшысы жаңа тұрғын үй бағдарламасы жайлы айтты

    Мемлекет басшысы жаңа тұрғын үй бағдарламасы жайлы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында зейнетақының бір бөлігін тұрғын үй алу үшін аударып тұруға рұқсат беруді тапсырды. Бұған қоса, ол елімізде азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарлама іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Тұрғын үй – азаматтарымыз үшін қашан да басты мәселе. Баспана Хит және 7-20-25 сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Сонымен қатар, нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес. Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. Ұлттық даму институтына айналатын “Отбасы” банкі оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында “бір терезе” қағидаты бойынша есеп жүргізіп, тұрғын үй бөлу міндеті тұр”, – деді мемлекет басшысы.

 
Сонымен қатар, Тоқаев зейнетақының бір бөлігін тұрғын үй алу үшін аударуға рұқсат етуді тапсырды. 

“Бұған дейін атап өткенімдей, мерзімінен бұрын зейнетақы жинағының бір бөлігін алудың бірқатар артықшылықтары байқалуда. Бұл азаматтардың жалақыларын заңды түрде төленуін талап етуге әкелді деп айтуға болады. Осы тұрғыда, зейнетақы жинақтамасының бір бөлігін жеткіліктілік шегінен жоғары деңгейде “Отбасы” банкіне тұрғын үй алу үшін аударуға рұқсат етуді тапсырамын. Бұл бастама тұрғындардың қор жинау мен қаражатты тиімді түрде басқаруға дағдылануға ықпал етеді”, – дейді Тоқаев. 




Көрілген: 874    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.09.2021, 12:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31