Саяси сахна

Мемлекет басшысы жарылыс салдарынан қайтыс болғандардың үй ішіне көңіл айтты

  • Мемлекет басшысы жарылыс салдарынан қайтыс болғандардың үй ішіне көңіл айтты

    Мемлекет басшысы жарылыс салдарынан қайтыс болғандардың үй ішіне көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы төтенше оқиға бойынша өткен шұғыл жиналыста қайтыс болған азаматтардың үй-ішіне көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қарулы Күштеріміздің оқ-дәрісі сақталатын қойманың бірінен өрт шықты. Артынан бірнеше жарылыс болды. Жергілікті тұрғындар аман-есен. Өкінішке қарай, әскери қызметшілер мен құтқарушылар арасында адам шығыны бар. Олар қызметтік міндетін атқару барысында ерлікпен қаза тапты. Қайтыс болған азаматтардың отбасына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуін тілеймін, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Бас Прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне Жамбыл облысындағы оқыс оқиғаның мән-жайын және кінәлілерді анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын мұқият жүргізуді тапсырды. «Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне оқыс оқиғаның мән-жайын және кінәлілерді анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарының мұқият жүргізуді қамтамасыз етсін. Бесінші мәселе, Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен дүние-мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдасын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ҚазАқпарат




Көрілген: 1072    Пікірлер: 0

жұма, 27.08.2021, 16:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31