Саяси сахна

Мемлекет басшысы ЖОО мен колледждерді жаңартуға бағытталған шаралар туралы айтты

  • facebook.com

    facebook.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында білім сапасын арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты.


Президент білім саласындағы ілгерілеушіліктерге қарамастан жұмыс берушілердің көпшілігі ЖОО мен колледждерді бітірушілердің білім сапасына көңілдері толмайды деді. Әсіресе, кәсіби білім беру саласын жаңғырту керек екеніне тоқталды. Нақты айтқанда: «Жуық арадағы 3 жылда 180 колледж және алдыңғы қатарлы 20 ЖОО құрылады», – деді.


Бұл жерде бір мәселені ескерген жөн. ЖОО мен колледждер жаңадан ашылмайды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, «Жас маман» жобасы аясында елдегі бар 20 ЖОО мен 180 колледждер іріктеп алынып, жаңартылады, жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Оларда арнайы орталықтар мен заманауи ғылыми зертханалар құрылып, деңгейлері халықаралық стандарттарға дейін жеткізіледі. Бұл мақсатқа, яғни ЖОО мен колледждерді модернизациялауға алдағы 3 жылда республикалық бюджеттен 58 млрд теңге бөлінеді.


«Жас маман» жобасының басты мақсаты – индустриалды және қызмет көрсету салаларындағы ең сұранысқа ие 100 мамандық бойынша мамандар даярлау. Жоба аясында колледждер заманға сай құрал-жабдықтармен жабдықталатын болады. Шетелдік мамандар, ұстаздарымызды оқытып, дайындайды. Оқу орындары халықаралық салалық аккредитациядан өтеді.


«Бастысы – шетелдік әріптестерімізді тарта отырып, білім беру бағдарламаларын модернизациялау, едәуір жаңарту», – деді Президенті.


Бұл жастарды қолдауға және білім саласын жаңғыртуға бағытталған аса маңызды жоба екенін айтты.


 
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли




Көрілген: 758    Пікірлер: 0

жұма, 05.07.2019, 20:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31