Саяси сахна

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Қазақстан Президенті Армения басшысына Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.


– Қазақстанда армян ұлтының өкілдері өзге этностармен жарасымды өмір сүріп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың бастауында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Сол кісінің идеясының негізінде құрылған Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығымыз да артып келеді. Сонымен қатар БҰҰ сияқты ғаламдық, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы сынды аймақтық ұйымдарда да ұстанымымыз жақын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Армен Саркисян тараптардың экономикалық байланысын арттыруда Астана қаржы орталығының маңызы зор екенін айтты.


– Біз халықаралық ұйымдар аясында да, екіжақты қарым-қатынаста да ынтымақтаса жұмыс істеп келеміз. Астана қаржы орталығының құрылуы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі дамыта түсетініне сенемін, – деді Армен Саркисян.


Тараптар екі ел арасындағы сауда айналымының өткен жылы 30 пайызға артқанын атап өтіп, алдағы уақытта осы бағыттағы ынтымақтастықты кеңейте беруге уағдаласты.


akorda.kz 




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.05.2019, 12:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31