Саяси сахна

Мемлекет басшысы "ҚазАқпарат" ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

 

Құрметті "ҚазАқпарат" агенттігінің ұжымы!

 

Сіздерді "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

 

Аға буынға етене таныс болған "ҚазТАГ"-тан бастау алып, қазіргі "ҚазАқпарат" аталғанға дейінгі кезеңде агенттік үлкен даму жолынан өтті. Талай тарихи оқиғаларды, әсіресе, тәуелсіздіктің шежіресін түзуде ерекше еңбек сіңірді. Елбасының барлық бастамаларын, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуы "ҚазАқпарат" таспасында үнемі көрініс тауып отырды. Сондықтан ғасыр жасаған агенттіктің мемлекеттік саясатты насихаттау тұрғысынан ел дамуына қосқан үлесі зор.

 

Шынайы жаңалықты жұртшылыққа жедел жеткізетін "ҚазАқпарат" халықаралық аренада да ел имиджін қалыптастыруға да атсалысып келеді. Қазақстанның басты ақпарат агенттігінде қызмет етіп жүрген журналистер қашанда жоғары марапатқа лайық деп санаймын. Ұжым қызметкерлері мен агенттіктің ардагерлеріне зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін. Жағымды жаңалық көп болсын!

 

Ізгі ниетпен, Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

 




Көрілген: 417    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.08.2020, 17:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қыркүйек, 00:59
    Праймериз деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30