Саяси сахна

Мемлекет басшысы «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаевты қабылдады

  • https://www.akorda.kz/

    https://www.akorda.kz/

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «ҚазТрансГаз» компаниялар тобының биылғы сегіз айдағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы баяндалды.

 

Қайрат Шәріпбаев Президентке өткен жылмен салыстырғанда магистральді тасымалдау көрсеткіші 14 пайызға өсіп, 65,4 миллиард текше метрге жеткенін мәлімдеді. Ұлттық оператордың табысы 8 айда 6 пайызға артып, 1,342 триллион теңге болды. Таза пайданың көлемі – 55 пайызға өсіп, 304 миллиард теңгені құрады.

 

Мемлекет басшысына биыл отандық газ тұтынушыларды 158,8 миллиард теңгеге субсидиялау шаралары, сондай-ақ бюджетке 128,4 миллиард теңге көлемінде салық және басқа да төлемдер түскені жөнінде айтылды. 

 

Қайрат Шәріпбаевтың мәліметі бойынша компанияның таза табысы отандық газ тасымалдау жүйесін қалыпты жағдайда ұстауға және борыштық жүктемесін азайтуға бағытталады. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы сегіз ай ішінде 995 миллион  доллар көлеміндегі кредиттік қарызын өтеген.

 

Мемлекет басшысына газ тасымалдау саласының инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту жобаларын жүзеге асыру, атап айтқанда Маңғыстау облысының газ тасымалдау инфрақұрылымын реконструкциялау, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді газ құбырының екінші желісін салу, Қашағандағы газ өңдеу зауыттарының құрылысы, сондай-ақ «ҚазТрансГаз»  акционерлік қоғамын цифрландыруға бағытталған іс-шаралар туралы баяндалды.

 

Президент елімізді одан әрі газбен қамтуға қатысты ұсынылған жобалар мен іс-шараларды қолдайтынын айтты.

 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Шәріпбаевқа еліміздің газ саласын дамытуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

 

 

 

akorda.kz




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.09.2021, 19:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31