Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мемлекет басшысы ҚР Конституциялық Сотының судьяларын тағайындады

31 желтоқсан 2022, 15:54

Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Конституциялық Сотының судьялары тағайындалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жарлыққа сәйкес;

 

Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды;

 

Айжан Ержанқызы Жатқанбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды;

 

Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды;

 

Роман Анатольевич Подопригора Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды.