Мемлекет басшысы Малайзияның Жоғарғы билеушісіне құттықтау жеделхатын жолдады

31 тамыз 2023, 10:15

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы – Малайзияның Жоғарғы билеушісі Сұлтан II Абдулланы құттықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

– Қазақстан мен Малайзияны түрлі саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған берік серіктестік қатынастар байланыстырады. Екі елдің мүддесін көздейтін көпжақты іс-әрекеттерімізді нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын екенімді білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы билеушінің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz