Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мемлекет басшысы Орталық Азия медиа форумының қатысушыларымен кездесті

21 желтоқсан 2022, 14:32

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия медиа форумының қатысушылары – Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен,  Моңғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаярмен және Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетовпен кездесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

Мәртебелі меймандар Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, оның бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар мен саяси жаңғыруларға оң баға берді.

 

Президент Орталық Азия медиа форумына қатысқаны үшін қонақтарға алғыс айтып, елдеріміз арасында көпжақты ынтымақтастықтың дамуы бауырластық және достық қарым-қатынасты нығайта түсетініне сенім білдірді.

 

Кездесу барысында халықтарымыздың тарихи тамыры ортақ екеніне назар аударылды. Сондай-ақ олар мәдени-гуманитарлық және ғылыми салаларда бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігі жөнінде пікір алмасты.