Саяси сахна

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, халықты вакциналау, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері туралы есеп берілді.

 

Премьер-Министрдің айтуынша, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған. Қазақстан Covid-19 індетінің таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті. Вирустың жұғу индексі – 0,94. Жұқпалы аурулар бөлімшелері – 33 пайызға, жан сақтау бөлімшелері – 25 пайызға толған. Вакциналау қарқыны артып келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 3 миллион адамға екпе салынып, оның 2 миллионы вакцинаның бірінші компонентін алған. 1 миллионға жуық адамға екпенің екінші компоненті салынды.

 

Мемлекет басшысына 2021 жылғы Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасының орындалу жоспары туралы ақпарат берілді. Асқар Мамин Жұмыспен қамту жол картасын іске асыруға биыл 300 миллиард теңге бөлінгенін, 35,6 мың жұмыс орны, оның ішінде, 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылатынын атап өтті.

 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимінің жүзеге асырылуы жөнінде баяндалды. Аталған пилоттық жобаға 2018 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Әділет министрлігі, бірқатар өңірдің әкімдіктері қатысты. Жүргізілген тәжірибенің нәтижесінде жобаға қатысушы мемлекеттік органдарда кадрлардың алмасуы 4,9 пайыздан 3,5 пайызға дейін азайып, мемлекеттік қызметтің тартымдылығы арта түсті (конкурс 1 орынға 3,4 есеге артты), орталықта және аймақтарда еңбекақы төлеу алшақтығы 70 пайыздан 16 пайызға дейін қысқарды.

 

Мемлекет басшысы аталған жобаны жергілікті атқарушы органдарда сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдарда ауқымды түрде жүзеге асыруды тапсырды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің санын кезең-кезеңімен қысқарту және мемлекеттік аппараттың ұйымдық құрылымын оңтайландыру жұмыстарын жалғастыру керек. Президент құрылымды қайта өзгерту нәтижесінде үнемделген қаржыны еңбекақы көлемін арттыруға бағыттау маңызды деп санайды.

 

Бұдан бөлек кездесуде сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуды ұлғайту, шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыру, қайта өңдеу секторының өсімі мен дамуы есебінен экономиканың құрылымын одан әрі әртараптандыру, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басқа да өзекті мәселелер жөнінде қабылданған шаралар қарастырылды.

 

 

 

akorda.kz




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.05.2021, 17:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31