Саяси сахна

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

  • Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

    Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, астық жинау науқаны, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары, инвестиция тарту жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық дамудың басқа да өзекті мәселелері туралы есеп берілді, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Премьер-Министр Президентке эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғаны туралы баяндады. Үкіметтің мәліметіне сәйкес соңғы айда еліміз бойынша коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1,7 есеге азайған. Аурудың өршу деңгейі – 0,94, жұқпалы аурулар бөлімдерінің 34 пайызында, жансақтау бөлімшелерінің 32 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр. Мемлекет басшысына халыққа екпе салу жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып жатқаны айтылды. Асқар Маминнің мәліметі бойынша, қазіргі таңда екпенің бірінші компоненті 7,7 миллион, екінші компоненті 6,7 миллион адамға салынған. Осы жылдың IV тоқсанында Pfizer вакцинасының 4 миллион дозасы жеткізілмек. Жалпы жыл соңына дейін 13,3 миллионнан астам азаматтың QazVaс, Спутник V, Sinopharm, Hayat-Vax, SinoVac және Pfizer вакциналарын салдыруға мүмкіндігі болады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұмауға қарсы вакцина салу жұмыстары жөнінде айтылды. Бүгінге дейін 694 мыңнан астам адам екпе алған. Жалпы 2,5 миллион адамға екпе егу жоспарланып отыр.
Асқар Мамин Президентке астық жинау науқанының барысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар, инфляцияға қарсы қабылданған шаралар кешенін жүзеге асыру туралы да баяндады.

Мемлекет басшысына экономиканың перспективті салаларына сапалы инвестиция тарту мәселесі жөнінде мәлімет берілді. Үкімет шетелден тікелей тартылатын инвестиция көлемін 30 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізу және 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің негізгі капиталындағы инвестицияның үлесін 30 пайызға дейін арттыру жұмыстарын жүргізуде.
aikyn.kz




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.10.2021, 21:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31