Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

30 мамыр 2022, 18:07

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» қорының биылғы төрт айда атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде есеп берілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президентке қордың өндірістік, қаржылық көрсеткіштері мен осы жылға арналған болжамдары туралы баяндалды. Берілген мәліметтерге сәйкес «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы қазіргі уақытта жоспарланған нәтижеге қол жеткізген.

 

Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, ірі инфрақұрылымдық нысандарға жүргізілген жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Қорға қарасты портфельді компаниялардың IPO-ға дайындығы жөнінде баяндады.

 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.