Саяси сахна

Мемлекет басшысы Швейцария Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видео конференция режимінде Швейцария Президенті Ги Пармеланмен келіссөз өткізді. Екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.

 

Тараптар Қазақстан мен Швейцария арасындағы қатынастардың даму қарқынын жоғары бағалап, көлік, логистика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, туризм, жоғары технология мен «жасыл» экономика салалары бойынша іскерлік байланыстарды нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса мән берді.

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияны Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси, сауда және экономикалық серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. Бүгінде елімізде Швейцария капиталының қатысуымен 40-тан астам кәсіпорын мен компания табысты жұмыс істеп жатыр.

 

– Екі ел арасындағы өзара тиімді және табысты ынтымақтастықты жалғастыруға қажетті мүмкіндіктің бәрі бар деп ойлаймын. Өзара ықпалдастығымыздың барлық саласына тың серпін беру біздің міндетіміз, – деді Қазақстан Президенті.

 

 

Өз кезегінде Ги Пармелан Қазақстан мен Швейцария арасындағы байланыстардың дамуына көңілі толатынын жеткізді.

 

– Біз қызығушылық танытқан салалар бойынша ынтымақтастық дұрыс жолға қойылғанын атап өткім келеді. Алдағы уақытта бұл ықпалдастықты одан әрі нығайтып және кеңейте түсетінімізге сенімдімін, – деді Швейцария Президенті.

 

Мемлекет басшысы қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыруда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты үкіметаралық комиссияның және Іскерлік кеңестің маңызды рөліне тоқталды. Сонымен қатар Президент экономиканың түрлі секторындағы серіктестік аясын кеңейтуді және тараптардың әлеуетін ескере отырып, тауар айналымының түрлерін көбейтуді ұсынды.

 

 

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаларға қатысуға ниет білдірген швейцариялық компанияларды қолдайтынын айтты.

 

Мемлекет басшысы швейцариялық әріптесіне Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің инвестициялық климатын жақсартуға бағытталған шаралар туралы мәлімет берді.

 

Келіссөз барысында коронавирус індетінің таралуына қатысты ахуал да қарастырылды. Қазақстан Президенті еліміздегі пандемияның салдарын еңсеруге бағытталған шаралар және халыққа жаппай тегін екпе салу жұмыстары жайында айта келіп, швейцариялық компанияларға көрсеткен көмегі мен COVID-19 індетіне қарсы күресте қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

 

 

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ги Пармелан халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе бойынша, соның ішінде, Қазақстан мен Швейцарияның көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастығы жайында пікір алмасты. Тараптар жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету, климаттың өзгеруіне қарсы күресу, Орталық Азиядағы трансшекаралық суларды әділ әрі тиімді пайдалануға ықпал ету мәселелері бойынша конструктивті диалогты жалғастыра беруге дайын екенін нақтылады.

 

 

 

 

akorda.kz




Көрілген: 336    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.05.2021, 21:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31