Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

11 наурыз 2022, 19:06

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары аясында халықаралық ұйымдармен бірлесіп, жоғары деңгейде өткізілетін іс-шаралар жайлы мәлімет берілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар Президентке Халықаралық Түркі академиясы шығарған «Түркі әлемі атласы» мен бес мың жылдық антропологиялық тарихымызды баяндайтын кітаптар таныстырылды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының бастамаларына жоғары баға беріп, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.