Саяси сахна

«Мемлекет сапаға жауап бере алмай отыр» - Дариға Назарбаева

  • «Мемлекет сапаға жауап бере алмай отыр» - Дариға Назарбаева

    «Мемлекет сапаға жауап бере алмай отыр» - Дариға Назарбаева

  • «Мемлекет сапаға жауап бере алмай отыр» - Дариға Назарбаева

    «Мемлекет сапаға жауап бере алмай отыр» - Дариға Назарбаева

Реттеу құрамы да жоқ.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева электр энергетикасы саласының жұмысы мен халықты электрмен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кездесу өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Парламент Сенатының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сенат Төрағасы кездесудің маңызына тоқтала келіп, өткен жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында электр энергиясы бірнеше мәрте өшіп қалғанын еске салды.

«Қаланың бір бөлігі электр жарығынсыз қалды, оның себебін білу әрі түсіну үшін мемлекеттік уәкілетті органдарды тыңдағымыз келеді. Сол жағалаудың коммуникациялары мен инфрақұрылымы жақында салынған, оларды көнерді немесе апатты жағдайда деп айтуға болмайды», - деді ол.

«Астана АЭК» Басқарма төрағасы Серік Балқышев өз баяндамасында тұтынушыларды электрмен жабдықтаудағы ұзақ үзілістерге душар еткен ақауларға мониторинг нәтижелері иесіз желілер мен қосалқы трансформаторлық станциялар негізгі себеп екенін айтты. «Астана АЭК» басшысының ақпараты бойынша, құрылыс компаниялары көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін пайдалануға бергеннен кейін үй ішіндегі инженерлік коммуникацияларды қызмет көрсететін компанияларға тапсырады.

«Сыртқы электр желілері иесіз қалады, оларға тиісті қызмет көрсетілмейді әрі күзетілмейді, соның нәтижесінде қосалқы станциялардың жабдықтары бұзылады әрі істен шығады. Қазіргі уақытта сыртқы инженерлік желілерді мамандандырылған қызмет көрсететін ұйымдарға беру мәселесі нормативтік-құқықтық актілермен реттелмей келеді», - деді ол.

Дариға Назарбаева талқылау барысында иесіз жаңа желілердің пайда болуының алдын алу мәселесіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік кодексті қарауға аса мұқият оралу керектігін ескертті.

«Қандай мәселелерді қарастырсақ та, бақылаудың жоқтығы проблемасына ұдайы тап боламыз, тиісінше мемлекет сапаға жауап бере алмай отыр», - деді Д.Назарбаева.

Д.Назарбаева өз кезегінде электр энергетикасы саласын әкімшілендірудегі сапаның төмендігіне назар аударды.

«Бақылау жоқ, кәсіпорын заң мен нормативтік-құқықтық актілерді адал орындауы үшін мониторинг жасау керек. Реттеу құрамы да жоқ. Шығындар бәріміздің қалтамыздан төленеді, есеп-шот келген кезде ойланбастан төлей саламыз», - деп атап өтті Д.Назарбаева.

Сенат Төрағасы кездесуді қорытындылай келіп, айтылған барлық ұсыныстардың жинақталатынын және олар бойынша үнемі жұмыс жүргізілетінін атап өтті. 




Көрілген: 321    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.02.2020, 13:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30