Мемлекетімізден айырылып қалуымыз мүмкін еді - Тоқаев

11 қаңтар 2022, 11:54

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев содырлар Алматыдан кейін елді басып алуы мүмкін болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің елге қарсы лаңкестік соғыс басталды. Жау тым қатыгездік болды және кез келген қадамға баруға дайын екенін көрсетті. Қарсылық туралы ойды басу үшін халық арасында қорқыныш тудырды. Жоспар бірқатар бағытты қамтыды: әскери, саяси, идеологиялық, жалған ақпарат және т.б. Дайындықта кәсіби мамандар жұмыс істеді (...). Алматыны бақылауды толығымен жоғалтып, Алматыны жоғалтқасын астананы, содан кейін бүкіл мемлекетімізден айрылып қалуымыз мүмкін еді. Бұл - қайғылы оқиғалардың мәні (...) ",- деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.