Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жаңа басшысы тағайындалды

11 қаңтар 2022, 19:25

Президент өкімімен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы тағайындалды.

 

"Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылып, төраға лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

 

Айта кетері, агенттіктің бұрынғы төрағасы Анар Жайылғанова осы лауазымнан босатылды.

 

Жазықбаевтың еңбек жолы

Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев 1976 жылы туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде және ішкі істер министрлігінің заң институтында білім алды. Философия ғылымдарының кандидаты, заңгер.

 

Еңбек жолы:

 

Ішкі істер министрлігі академиясы мен Алматы заң институтының оқытушысы;

 

Ішкі істер министрлігі академиясы кадр жұмысы департаментінің аға инспекторы;

 

Академияның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, кадр жұмысы бөлімінің бастығы;

 

Парламент Сенаты Аппараты әкімшілік бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі;

 

"KEGOC" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі;

 

Парламент сенаты аппараты жетекшісінің орынбасары;

 

2019 жылдың 20 маусымынан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

 

sputnik.kz