Саяси сахна

Мемлекеттік қызметкерлер енді есепті «е-қызметке» тапсырады

  • Мемлекеттік қызметкерлер енді есепті «е-қызметке» тапсырады

    Мемлекеттік қызметкерлер енді есепті «е-қызметке» тапсырады

Биыл мемлекеттік басқа­ру жүйесі саласында біраз өзгерістердің болғаны белгілі. «А» корпусына іріктеу біраз шенеуніктің апшысын қуырса, енді бірінің қызмет-тағдырына түзету енгізді. Нә­ти­жесі де жаман емес – мем­лекеттік басқаруда жүрген бірталай азамат ел заңнамасын қайта ақта­рып, бүге-шүгесіне дейін жат­тады. Алайда мемлекеттік қызметті жетілдіру саласындағы жұмыс осымен тамам емес. Тест сұрақ­тары әлі талай рет өзгеріп, дарынды мемлекеттік қыз­мет­керлерді анықтау жүйесі жетіледі. Ал осындай оңтай­лы жұмыстар аясында Мем­лекеттік қызмет істері агенттігі «е-қызмет» атты ақ­параттық басқару жүйе­сін аяқтауды көздеп отыр.
Аталған жүйе мемлекеттік қызметкер­лерді электронды түрде басқаруды көз­дей­ді. Қарапайым тілге салып айтсақ, Ас­танада отырған басшы телефон арқылы шал­ғай жатқан әкімдікке қоңырау соғып, барлық есеп-қисапты қағаз жүзінде беруін сұрап жатпайды. Ондай алыс-беріс шар­уа­­лар арнайы электронды жүйе арқылы компью­тер көмегімен орындалады. Кадр­лық іріктеу мәселелері де электронды жол­мен шешілетін болады. Міне, осы мақ­сатта «электрондық үкімет» порталы негі­зінде жұмыс істейтін мемлекеттік қызмет­кер­лерді басқарудың «е-қызмет» атты ақ­параттық жүйесі құрылып жатқанын біл­дік. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің персоналды басқару бөлім меңгерушісінің орынбасары Оңғарбай Дәнебековтің ай­ту­ынша, «е-қызмет» мемлекеттік орган­дар­дың кадр мәселесін тиімді шешуге, сондай-ақ ақпарат алмасуға кететін уақыт пен еңбек шығындарын қысқартуға мүм­кіндік береді. «Бұл жүйе арқылы он-лайн ре­жимінде орталық және аймақтық дең­гейдегі мемлекеттік қызметкерлерге қа­тыс­ты толық кадрлық ақпаратты, яғни олар­дың дербес деректерін – кәсіби және жеке құзыреті, білімі мен біліктілігі, жұмыс өтілі, бағалау және аттестаттаудың нәти­желері, сыбайлас жемқорлық пен заң бұзу сияқты сот және құқық қорғау органдары­ның мәліметтерін алуға болады», – дейді Оңғарбай Дәнебеков.
Айта кетерлігі, «е-қызмет» 2013 жылы қол­ға алынып, оны аяқтау 2015 жылға жос­парланған. Осы уақыт ішінде жаңа жү­йе­нің барлық тоғыз бағыты жүзеге аспақ. Оның барлығы мемлекеттік қызметкер­лердің жеке мәліметтерін алуға ғана емес, оқыту, іріктеу, стратегиялық басқару, ең­бек өнімділігін бақылау мен бағалауға да жол ашады. Бүгінде жобаны атқарушы азамат­тар анықталып, нақты кестеге сай мерзім­дерді бекітіпті.
Еліміздегі мемлекеттік қызметті жетіл­ді­ру жұмысы «электрондық» аямен шекте­ліп қана қалмайды. Мәселен, биыл «А» корпусына өткен мемлекеттік қызметкер­лер­дің білімі ұшталатын болады. Бұл мақ­сатта қыркүйек-қазан айларында арнайы семинар ұйымдастырылып, онда шетел­ден аттай қалап алдырған сақа сарапшы­лар «А» корпусына енген басшыларға дә­ріс береді, олардың біліміне білім қосады. Сондай-ақ қазіргі тестілеу жүйесіне де бі­раз өзгерістер қарастырылатын тәрізді. Ұқ­қанымыз, тестілеудің тың әдісінде мем­лекеттік қызметкерлердің жеке қабілет-қарымына басымдық берілмек. Ал дарын­ды мемлекеттік қызметкерлерді басқару жү­йесін құру арқылы өз ісіне шын беріл­ген­дер мен кәсіби шеберлер анықталып, ол­ар­дың еңбек жолы, өсу жолы мемлекет­тің ерекше бақылауына алынады. Сол ар­қылы дарынды мемлекеттік қызметкерлер­ге деген ерекше көзқарасты қалыптастыру жоспарда бар.

Әлихан БӘЙМЕНОВ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
– Бүгінге дейін мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша біраз жұмыс атқа­рыл­ды ғой. Осы орайда, мен бұл жұ­мыс­қа кез келген адамның қатыса ала­тын­дығын ерекше атап өткім келеді. Оның барлығы жаңа заңда бар әрі тиісті ережелермен бекітілген. Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарының әр­бір өкілі, жалпы, кез келген адам мем­ле­кеттік қызмет жөніндегі барлық кон­курстық комиссиялардың отырыстары­на байқаушы ретінде қатыса алады. Бір білетінім, заңның дәл осы тұсы орын­да­латын болса, мемлекеттік қызметке іріктеу жұмысы ашық әрі әділ жүреді. Мемлекеттік қызметті жетілдіру жұмы­сы үздіксіз жүргізілуі шарт. Мәселен, мем­лекеттік қызметке қатысты жаңа заң қабылданғаннан бері 12 жарлық мақұлданды. Енді мемлекеттік қызмет­тің жаңа үлгісін қалыптастыруға қатыс­ты тағы бес жарлық тиісті мемлекеттік ор­гандармен келісіліп, Үкіметтің қара­уына енгізілді.




Көрілген: 835    Пікірлер: 0

сенбі, 07.09.2013, 13:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Желтоқсан 2020
    Әблязов 15 жылға сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31