Саяси сахна

Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қайтарыла ма?

  • Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қайтарыла ма?

    Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қайтарыла ма?

 Жақын арада еліміздің мемлекеттік қызметкерлеріне жұмыс уақытында смартфон қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. 


 Тиісті қаулы барлық өкілетті орган арасында келісілген. Бұл туралы бүгін цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Оспанов құжат үкіметте жатқанын, жуық арада жария болатынын атап өтті. Қаулы барлық мемлекеттік органмен келісілген.


"Қаулы жобасы үкіметке енгізілді, отырыстардың бірінде ол қаралады. Қараша айында болады деген үміттеміз. Бұл жерде мемлекеттік қызметкерлерге еш шектеусіз смарфондарды қайтару мәселесі жөнінде болып отыр", - деді ол сенат кулуарында.

Вице-министр кез келген мемлекеттік қызметкер жұмыс барысында алатын ақпарат үшін жауапты екенін айтты.


"Егер ол мәліметті таратып жіберсе, заңға сәйкес жауапқа тартылады", - деді Абылайхан Оспанов.

Мемлекеттік орган ғимаратында смартфон, планшет, смарт-сағат қолдануға 2016 жылдың наурызында тыйым салынған еді.


 


sputniknews.kz




Көрілген: 219    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 08:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30