Саяси сахна

Министр Райымқұлова "Көк Жайлау" тау шаңғысы курортының құрылысына қатысты мәлімдеме жасады

  • Министр Райымқұлова

    Министр Райымқұлова "Көк Жайлау" тау шаңғысы курортының құрылысына қатысты мәлімдеме жасады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Көк Жайлау" тау шаңғысы курортының құрылысына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Құрметті достар, қазақстандықтардың көпшілігін алаңдатқан Алматы маңындағы "Көк Жайлау" тау шаңғысы курортын салу мәселесі басты назарда. Қоғамда пікірталас тудырған мұндай маңызды мәселе салиқалы жауапты қажет етеді. Қоғамның мүддесін қорғап, жанашырлық танытқан қаламгерлерге айтар алғысым да шексіз. Өкінішке орай, аталған бастама бойынша журналистерге жауап беруге мүмкіндігім болмады. Осы тақырып бойынша қысқаша түсініктеме беру мүмкіндігі енді ғана туды", - деп бастады мәлімдемесін министр. Ол биыл сәуір айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша курорт құрылысы тоқтатылғанын еске салды. "Мемлекет басшысы бұл мәселеде асығыстық танытпай, сарапшылардың талдауларын зерттеп, қала тұрғындарының пікірін ескеру қажет екенін атап көрсетті. Сол кездегі Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен "Көк Жайлау" курортының құрылысы жобасын толықтыру және тоқтату қажет екенін айтқан болатын", - дейді ол. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі кез келген үкіметтік ведомство сияқты бірінші кезекте құқықтық нормативтік актілерді зерттеп дайындаумен айналысады. "Көп жағдайда мәдени, спорт немесе туристік нысандарды салу туралы шешімді жергілікті атқару органдары: әкімдік, мәслихат, қоғамдық кеңес (болған жағдайда) қабылдайды. "Көк Жайлау" курорты бұл аядан тысқары шығып, ол бойынша шешімді Президент қабылдады. Қазіргі сәтте Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бәрімізге белгілі: "Көк Жайлау" жобасы тоқтап тұрғанын жеткізгім келеді", - деп пікір білдірді министр Ақтоты Райымқұлова.

 




Көрілген: 591    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.08.2019, 11:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30