Саяси сахна

Министр Серік Шәпкенов халықтың мұң-мұқтажын тыңдады

  • Министр Серік Шәпкенов халықтың мұң-мұқтажын тыңдады

    Министр Серік Шәпкенов халықтың мұң-мұқтажын тыңдады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде онлайн қабылдау өткізді. 5 сағаттан астам уақытқа созылған қабылдау барысында Еңбекминінің басшысы 27 азаматтың мәселелерін қарады.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының тұрғындары министрге көмек және кеңес алу үшін жүгінген.

Қабылдау барысында мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшілердің қызметтерін ұсыну және оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініштері қаралды. Бірқатар азаматқа түрлі әлеуметтік төлемдер мен қызметтер бойынша түсініктемелер берілді. Сондай-ақ министр азаматтардың жұмысқа орналастыру, еңбек заңнамасын бұзу және еңбек инспекторларының жұмысы мәселелері жөніндегі өтініштерін қарады.

 Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов оларға егжей-тегжейлі жауап берді, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бойынша Еңбекминінің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге жәрдем көрсетуге тапсырма берді.
BAQ.KZ




Көрілген: 804    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 20:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31