Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Министрлік еліміздегі жол жағдайы нашар өңірлерді атады

02 тамыз 2022, 20:52

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол жағдайы нашар өңірлерді атады, деп хабарлайды “Хабар 24” арнасы.

Тізімде көшті Шымкент, Маңғыстау облысы, Алматы, еліміздің шығыс және батыс облыстары, сондай-ақ Түркістан қаласы бастады. Мұнда жолдардың 70 пайызы тиісті стандартқа сай емес.

Бірақ, ескертулерге қарамастан, тұтынушылар нысандарды пайдалануға қабылдауды жалғастыруда.

Министрлік кепілдік мерзімінде орын алған ақаулар үшін ұйымдардың жауапкершілігін күшейтіп, "кілтті" келісім-шарт жүйесін енгізуді көздеп отыр.

“Егер біз мұның бәрін бір қатысушыға кілтті келісімшарт негізінде тапсырсақ, онда ол жолды кейіннен нормативтік тәртіпте ұстау, жоғары сапалы материалдарды пайдалану, жаңа технологияларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету шығындарын азайту үшін дұрыс дизайнға қызығушылық танытады”,- деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов.